2023 жылы 42 пәтер салынып, тұрғындарға табысталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарауыл ауылында екі пәтерлі 11, Құндызды - 2, Көкбай - 2, Қасқабұлақ - 2, Саржал - 2, Кеңгірбай би ауылында - 2 тұрғын үй бой көтереді.
Құрылыс барысын жіті қадағалап, жұмыстың уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері мердігер ұйымға жұмыстың сапалы іске асырылуына қатысты ұсыныс беріп отырады.
2023 жылдың соңына дейін 42 пәтердің кілті аудандағы әлеуметтік осал топ өкілдеріне беріледі деп жоспарланған.
Анықтама үшін: Бүгінде Абай ауданында баспана кезегінде 296 отбасы тіркелген. 2020-2022 жылдар аралығында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарлама аясында 96 пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді.