Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған марапат ел мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан отандық және шетелдік авторларға әдебиет пен өнер саласындағы көрнекті туындылары үшін табысталады.
Өтінімдер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады. Қатысу талаптары мен қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланған.