Абай-175: Өскеменде "Абайдың рухани-діни фәлсәфасы" атты конференция өтті

7 Ақпан 2020, 23:33
2443
Бөлісу:
Абай-175: Өскеменде "Абайдың рухани-діни фәлсәфасы" атты конференция өтті

Алматы, BAQ.KZ. Өскемен қаласындағы Қазақстан-Американ еркін университетінде Абайдың 175 жылдығына орай "Абайдың рухани-діни фәлсәфасы" атты TEDxÓskemen-2020 конференциясы өтті. 

Бұл туралы "Нұр-Мүбарак" университетініі баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шараны ШҚО Дін істері басқармасы мен ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы және Өскемен өңірі бойынша ҚМДБ ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – ұлттың рухани мәдениетін қалыптастырудағы Абайдың алатын ерекше орнын талқылау мақсатында сұхбаттасып, ұлы ойшылдың шығармаларындағы ұлттық болмыстың діни тәрбиесін өзектендіріп, жастардың дүниетанымдық фәлсәфасына деген қызығушылығын арттыру, - делінген хабарламада. 

Конференцияға діни қызметкерлер, теологтар, абайтанушы-ғалымдар мен студенттер қатысты. 

06.02.2020-02.JPG

TEDxÓskemen-2020 конференциясындағы құрметті қонақтардың бірі –"Нұр-Мүбарак" Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди "Ислам және қазақ ұлтының мәдениеті" тақырыбында сөз сөйледі. 

06.02.2020-03.JPG

TEDx  яғни таратуға тұрарлық идеялар кездесуінде қонақтар белгілі бір тақырыпқа баяндамасыз, аудиторияның алдында тірідей сөз сөйлеп, тыңдаушылардың қызығушылығын арттырып, өзекті мәселелерді талқылады.

Өзгелердің жаңалығы