Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) бас директоры Фрэнсис Гарри мырза Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шығармаларынан үзінді оқу эстафетасын жалғастырды, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Әділет министрі Марат Бекетаев өз парақшасында Абай Құнанбайұлының Отыз екінші қара сөзінен үзінді оқып, эстафетаны ДЗМҰ-ның бас директоры Фрэнсис Гарри мырзаға жолдаған еді.
Өз кезегінде, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының басшысы бұл бастаманы қолдап, Марат Бекетаевқа өз алғысын білдірді.
Армысыздар! Мен Қазақстан Республикасының әділет министрі - Марат Бекетаев мырзадан, қазақтың ұлы ақыны және философы Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойы құрметіне арналған эстафетаны қабыл алғаныма өте қуаныштымын. Абайдың 32 қара сөзінен үзіндіні оқып беруге рұқсат етіңіздер:
Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын, - деді Фрэнсис Гарри.
Бұл бейнероликпен Әділет министрі Марат Бекетаев өзінің Instagram-дағы парақшасында бөліскен болатын.