Абай-175: Алматыда ақынның ескерткіші ашылды

6 Ақпан 2020, 15:18
2331
Бөлісу:
Абай-175: Алматыда ақынның ескерткіші ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты рәсімге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Мүсін Жетісу ауданы әкімдігі ғимараты жанындағы "Гүлдер" скверіне қойылды.

ес1.jpeg
Абайдың мерейтойлық жылы – мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерінің, жалпы шығармашылықпен айналысатындардың барлығы үшін айтулы мереке. Ұлы ақынның, философ пен ойшылдың бай мұрасы, оның адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналуда және біздің әрқайсымызды өзімізді жетілдіруімізге қызмет етуде, - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
ес2.jpeg

Мүсіннің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев. Ашылу рәсіміне танымал жазушылар, ақындар, абайтанушылар қатысты.

ес3.jpeg


Өзгелердің жаңалығы