Қазақстан құрамасының форварды Абат Айымбетов "Астанадан" кетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Vesti.kz-тің жазуынша, 28 жастағы шабуылшының клубпен келісімшарт мерзімі аяқталуға жақын. Ойыншының өзі мансабын жалғастырудың әртүрлі нұсқаларын қарастырып жатыр. Оған шетелдік клубтар, соның ішінде шабуылшы легионер болып саналмайтын Түркия клубтары қызығушылық танытып отыр.
Бұған дейін Айымбетовке "Тобыл", "Ақтөбе" және "Ордабасы" секілді отандық клубтар ұсыныстарын білдірген болатын.
Шабуылшының есебінде Еуро-2024 іріктеуінде Қазақстан құрамасының құрамында соққан үш голы және Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде салған бір голы бар.