Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың арасында өнерлі, суретші сотталғандар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 1000-ға жуық сотталған жазасын өтейді. Олар мекеменің өндірістік аймағындағы жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасайды. Бірінің тігіннен хабары болса, енді бірі ағаштан түйін түйгендер. Ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Олардың қолынан шыққан бұйымдары нарықта сатылуда. Жіппен шегені серік қылған Арман есімді сотталушы кісі өлтіру бабымен 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Арман жіп пен шеге арқылы көздің жауын алатын түрлі картиналар жасайды. Ол қолынан шыққан бұйымының жасалу техникасын түсіндірді.
Алдымен шегелерді тақтаға белгілі бір ара қашықтықта қағып, сол шегелерге жіпті керу арқылы өте әсем бейнелер шығарамын. Тапсырыс берушінің талғамына қарай, туындыларымыз өзгере береді. Жұмысты бастамас бұрын сызбасын,компазициялық шешімін, түстер үйлесімін таңдап аламын. Сызбасын басқа адам сызып береді. Менің жұмысым жіптің түстерін үйлестіріп, тоқып шығу. Қолыңнан шыққан әрбір дүниеңді мақтап, қайта тапсырыс беріп жатса, жасаған жұмысымның нәтижесін көріп қуанамын. Негізі жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлер тапсырысты және қажетті заттарды алып береді. Жасалатын жұмысымыздың көліміне байланысты кейде 1 айда дайын болады. Мен жіппен шеге арқылы тоқуды осында келіп үйрендім. Қызығушылығым болып, тез үйреніп алдым. Айлығымыз да уақытылы төлейді. Бұл жұмыс менің жанымды тыныштандырады. Төзімділікке шыдамдылыққа үйретеді. Өткенге өкініш бар, болашақтан көп үміт күтем. Бостандыққа шыққан соң ағаштан түйін түйіп, жеке кәсіппен айналыссам деген мақсатым бар, - дейді сотталған азамат.
Ал екінші азамат ағашты күйдіріп, әр түрлі өрнек салады, араб жазуымен де жазады. Бұл сотталғанның мамандығы ағаш ұстасы.
Ағашқа күйдіріп өрнек салу электр бізбен жасалады. Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы металл электрод атқарады. Күйдіріп өңдеген кезде пайдалану үшін арнаулы суреттері бар альбомдары, сызба үлгілері бар суреттер қолданылады. Суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды.Суретті суретшілер салып береді. Тапсырыс қалай беріледі, дәл айнытпай жасап береді. Бір тапсырысты жасап беруге 5- 10 күндей уақыт кетеді.
Менің мамандығым ағаш ұстасы болғандықтан, жұмысым аса бір қиындық тудырмайды. Көзімді жұмыс алып жасай аламан десем болады. Жұмыстың сапалы шығуына баса назар аударамын. 2019 жылдан бері ағаштан әр түрлі бұйымдар жасаймын. Астау, нарды тапсырыспен жасай береміз, - дейді.