Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін елордамызда «Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздарын марапаттадық. Жеті жастан он жеті жасқа дейінгі жас таланттар қатысқан байқаудың бас бәйгесін Алматы қаласынан келген 15 жастағы Жұлдыз Ержеңіс жеңіп алып, 3 млн теңге сыйақыға ие болды.
Небір дарынды ұл-қыздарымыз сәнді сахнада өнер көрсеткен гала-концерт өте жоғары деңгейде өтті. Еліміздің атын әлемге танытатын тума таланттар осындай аламандарда шыңдалады.
Жүлдеге қол жеткізген барлық жеңімпазды шын жүректен тағы да құттықтаймын!