Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты.
Бүгін көкпардан ұлттық құрама мүшелерімен кездестім. Шабандоздарымыз өткен аптада Өзбекстанда ұйымдастырылған халықаралық турнирде топ жарып, бірінші орын иеленген еді. Өзбекстанның Сухандария облысына қарасты Термез ауданында өткен дүбірлі додада ел құрамасы айрықша өнер көрсетіп, финалда алаң иелерін айқын басымдықпен ұтты, - деді Дәурен Абаев Facebook парақшасында.
Министр атап өткендей, ұлттық спортымыз - көкпар жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді.
Халықаралық деңгейдегі жарқын жетістіктеріміз осының айқын дәлелі. Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта да әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғай береді деп кәміл сенемін, -деді Мәдениет және спорт министрі.