ТМД бас хатшысының орынбасары Дәурен Абаев волонтерлықтың маңызды әлеуметтік институт екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еріктілер қоғамының белсенділігі қоғамның алға жылжуын, дамуы мен өздігінен ұйымдаса алу қабілетін көрсетеді. Қазақ халқында “Жақсылық болған жерде, тапшылық болмайды” деген керемет мақал бар. Бір жағынан бас, бір жеңінен қол шығарып қоғамға қызмет ету – қашаннан қанымызға сіңген асыл қасиет, - деді ол.
Сондай-ақ ол волонтерлық қоғамның әр саласындағы түйінді мәселелерді шешетінін жеткізді.
Әлем бойынша волонтерлық қызметке 150 млн адам өз еркімен араласады. Бұл кәмелетке толмағандарды есептемегендегі нәтиже. Пандемия кезінде волонтерлердің маңызы мен өзектілігі артты. Осыдан кейін олардың қоғамдағы орны айшықтала түсті,- деді Абаев.
Айта кетейік, Халықаралық волонтерлер форумы 21 маусымда да Бейбітшілік және келісім сарайында жалғасын табады. Форумға 34 елден 40-тан аса спикер катысып жатыр.