Абақтыға заңсыз заттар кіргізбек болған әйел жауапкершілікке тартылуы мүмкін

13 Қараша 2019, 23:27
1841
Бөлісу:
Абақтыға заңсыз заттар кіргізбек болған әйел жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелеріне тыйым салынған заттардың өтуі қатаң бақылауда болса да, тәртіпке бас игісі келмейтіндердің саны азаймай тұр. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жуырда ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеушімен кездесуге келген тараздық тұрғынның жеке заттарынан тыйым салынған бұйымдар табылды. Аталған мекеменің бақылау өткізу пункттінің қызметкерлері әділет кіші сержанты Гүлжәмила Қашқымбаева, қатардағы Сәдуақас Тоқсанбай тараздық А.С.есімді азаматшаның заттарын тексеру барысында онда тыйым салынған заттардың бар екенін анықтады. Атап айтқанда, 35 жастағы азаматшаның заттарының арасында ұялы телефонды қуаттағыш құралмен қоса, 4 флэш карта болған. Осыған байланысты А.С. есімді азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 481 бабына сәйкес  жазалау мақсатында іс сотқа жолданбақ. 

Айта кетейік, жазасын өтеп жатқан сотталғандарға  ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге келген азаматтарға бұған дейін тыйым салынған  заттарды жасырын түрде  ішкі аумаққа өткізу іс-әрекеттері орын алса, олар ҚР  ӘҚБК  баптары бойынша  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылатындығы  туралы түсіндіру жұмыстары бірнеше рет жүргізілген болатын.


 

Өзгелердің жаңалығы