Ақтаулық әйел танысының 6 миллион теңгесін жымқырған

14 Тамыз 2020, 04:23
1161
Бөлісу:
Ақтаулық әйел танысының 6 миллион теңгесін жымқырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласының тұрғыны танысын алдап, 6 миллион теңгесін иемденген, деп хабарлайды "Лада" порталы.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ақтаулық әйел 4 ай бойы танысын алдап, оның 6 миллион теңгесін алған.

Жергілікті тұрғын түрлі себептермен танысынан қомақты қаржыны қарызға алған. Осылайша күдікті 4 айда 6 миллион теңгені иемденген. Алайда әйел бұл қарызды қайтара алмайтынын білген. Ақтау қаласы полиция департаменті алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктінің кінәсін сот анықтайды, - дейді полиция қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы