Ақтауда жұмысын тоқтатпаған кафе анықталды

25 Шілде 2020, 08:53
1280
Бөлісу:
Ақтауда жұмысын тоқтатпаған кафе анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда айыппұл төлегеніне қарамастан, тағы да жасырын жұмыс істеп тұрған кафе анықталды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің әлеуметтік парақшасында хабарланды.

Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкері және жергілікті полиция өкілімен бірлескен топ мониторинг жүргізуде.

Кезекті мониторинг барысында 7 шағынауданда орналасқан "Махаллия" мейрамхананасы ескертуді елемей қызмет көрсетіп жатқаны анықтлады.

Айта кетейік, осыдан 2 апта бұрын дәл осы "Махаллия" мейрамханасына карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабына сәйкес айыппұл салынған.

Бүгінде аталған мейрамхана иесінен тағы да түсініктеме алынып, хаттама толтырылды. Енді қоғамдық тамақтану орталығы иесіне заң жүзінде қатаң түрде шара қолданылмақ.

Өзгелердің жаңалығы