Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шағын кәсіпорында негізінен әскерилер мен мұнай-газ саласы мамандарына арналған киім-кешек тігіледі, деп хабарлайды 24.kz.
Былтыр мұнда құны 1 млрд теңгеге жуық отандық өнім әзірленді. Мемлекет қолдауының арқасында іскер әйел ашқан фабрика жұмыс қарқынын еселеп отыр. Бүгінде оқушылар формасы мен аяқ киімін әзірлеуге көшті. Озық үлгідегі технологиялар қолданысқа енгелі көрші елдерден тапсырыстар түсе бастаған.Айта кетейік, аталған тігін фабрикасы – өткен жылы осы аймақтағы жұмысшыларының жалақысын өсірген алты кәсіпорынның бірі.
"Биылдан бастап жалпы халыққа арнап күнделікті киетін аяқ киімдер тігіп жатырмыз. Бұйыртса, келер жылы көрші елдердің нарығына шығуды көздеп отырмыз. Мемлекет саясатының нәтижесінде бізге тапсырыс берушілер қатары көбейіп келеді", - деді тігін фабрикасының директоры Зибира Хасанова.