Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаева мәлім етті.
Атап айтсақ, 29 шағынауданда орналасқан №28 жалпы білім беретін орта мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Білім ошағы 2001 жылы қолданысқа берілген.Жөндеу жұмыстары аясында қабырғалары толығымен сырланып, еден төсеніштері жаңартылды. Мектептің қасбеттері жаңарды. Шатыр, баспалдақ ауыстырылды. 32 бейнекамера қойылды. Интернет желісі тартылып, инженерлік желілер жаңартылды. Сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілді, - деді Светлана Төлебаева.
Сонымен қатар 1 үлкен, 1 кіші футбол алаңына жасанды газонмен төселді. 2 жүгіру жолына жөнделді. Баскетбол алаңы спорт жабдықтарымен толықтай жарақтандырылды. 44 интерактивті тақта, 2 компьютерлік кабинет, 1 лингофон кабинеті құрылды.
Бұдан бөлек 15 шағынауданда орналасқан IT мектеп-лицейінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 930 орынға арналған білім ордасы 1993 жылы пайдалануға берілген. Білім беру ұйымында қазіргі таңда 1-кезеңде 1147 оқушы білім алып жатыр. Жөндеу жұмыстары кезінде мектептің едені жаңартылып, қабырғасы түгелдей сырланды.
Нысанның іші-сырты боялды. Шатыр толығымен ауыстырылып, соңғы үлгімен қапталған. Сонымен қатар, асханаға жабдықтар әкелініп, спортзалға заманауи жарықшамдар қойылды. Мектепке жаңа парталар берілді. Қазір сыртқы спорт алаңы жасақталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің аяғында бітеді деп жоспарланған.
Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаламыздың жұмыссыздық есебінде тұрған 120 азаматы жұмыспен қамтылды. Мердігер мекемелер жұмысшылардың тасымалы мен түскі асын қамтамасыз етті, - деді Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаева.