Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы қаңтарда Қазақстанда инфляция 0,7% құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, баға азық-түлік тауарларына өткен айда – 0,9, азық-түлік емес тауарларына, ақылы қызметтерге 0,5 пайыз жоғарылады. Қаңтар айында бағаның өсуі көкөністерге – 5,6, жұмыртқаға – 1,6, жармаларға – 1,5, макарон өнімдеріне – 1, пастерленген сүтке, сары майға – 0,9, ұнға, мәйекті ірімшікке – 0,8, мұздатылған балыққа, шұжық өнімдеріне, сүзбеге – 0,7, ет өнімдеріне, қышқыл сүт өнімдеріне – 0,6, сиыр етіне, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге, шайға – 0,5, жылқы етіне 0,4% белгіленді. Темекі өнімдері 1,9 пайызға қымбаттады. Бағаның төмендеуі күрішке – 0,9, құмшекерге, сөкке 0,5% тіркелді.Баға өсімі автомобильдерге – 0,7, тоқыма бұйымдарына, тұрмыстық аспаптарға, жиһаз және үйге қажетті заттарға, жеке қолданылатын тауарларға – 0,4, жуғыш және тазалағыш құралдарға, ыдысқа 0,3 пайызды құрады. Бензин – 2,7, дизель отыны, тас көмір 0,3 пайыз қымбаттады.
Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 5, мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтерге, кабельдік телевизия қызметтеріне – 0,6, денсаулық қызметтеріне 0,5 пайыз өсті.
Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 2,9 %-ға өссе, ал жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау ақысы 1,3 пайызға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласында тарифтер электр энергиясына 1-ға өссе, ал кәрізге – 0,4%-ға, суық суға 0,1%-ға төмендеді.