Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Азамат Бекет тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол бұған дейін Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болған.
Азамат Бекет 1983 жылы туған. Жоғары білімді.
Қазақ гуманитарлық заң университетін, Экономика және құқық академиясын тәмамдаған. Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
2004-2013 жылдары Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Алматы, Астана қалалары мен Батыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде еңбек етті.
2013-2016 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.
2016 жылдың көктемінде Атырау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасынының басшысы болды.
2018 жылдан Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарды.
Айта кетейік, Ақтөбе қаласын наурыз айынан бері Асхат Шахаров басқарады. Ол самбодан үш дүркін әлем чемпионы. Дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері. Енді орынбасары Азамат Бекет кезінде бокстан Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен.