Ақтөбелік дәрігерлер 11 айлық сәбидің тамағында тұрып қалған жаңғақты алды

18 Ақпан 2019, 11:36
2599
Бөлісу:
Ақтөбелік дәрігерлер 11 айлық сәбидің тамағында тұрып қалған жаңғақты алды

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбелік балалар хирургі мен эндоскопист санитарлық авиациямен Шалқарға ұшып барып, баланың өмірін аман алып қалды. Бұл туралы Ақтөбе қалалық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы хабарлады.

Шалқар аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Төребек ЕрниязовҚаңтар айының аяғында баласының дем жетпей, көгеріп кеткенін анасы байқап, аудандық ауруханаға алып келген.

«Баланың тыныс жолы бітеліп қалды деген болжаммен рентгенге түсірдік. Болжам расталды. Сосын Ақтөбедегі санавиация мамандарынан кеңес сұрадық. Олар реанитомологпен бірге баланы Ақтөбеге әкелу керектігін айтты. Бірақ Шалқардың жалғыз реанитомологі Ақтөбеге шыға алмады. Сөйтіп, Ақтөбенің балалар хирургі мен эндоскописі Шалқарға келді. Дәрігерлер баланың тыныс жолынан жаңғақты алды. Содан кейін баланың жағдайы жақсарды», - дейді Шалқар аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Төребек Ерниязов.


Өзгелердің жаңалығы