Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде Жауынгерлік өнер қауымдастығы аккредитациядан өткен 20 жекпе-жек федерациясын біріктіреді. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
Бұған дейін жекпе-жек спортшылары халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып жүрсе де қаржылай қолдауға ие болмаған еді.
Оның сөзінше, Жауынгерлік өнер қауымдастығының құрылуымен Қазақстанда жекпе-жек спортшылары тек әкімшілік-құқықтық жағынан емес, қаржылай қолдауға да ие болады. Бұдан бөлек, спортшыларды сақтандыру мәселесі де қарастырылады.
«Спортшыларды сақтандыру мәселесі қалыпты жағдай. Мәселен, спортшылар өз өмірін, денсаулығын тәуекелге тігеді. Осы мәселе де шешілетін болады», - деді Абат Имамбаев.
Айта кетейік, бүгін, 6 наурыз күні ақтөбелік Жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті болып облыстық спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов тағайындалды.
2018 жылдың 26-қараша күні Астанада Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төарағалығымен өткен жиында Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт түрлері бойынша аккредитациядан өткен спорттық федерациялар жаңадан құрылған жауынгерлік өнер қауымдастығының қарамағында болады деп шешілді. Сондай-ақ, республикалық жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті болып Кәрім Мәсімов тағайындалған болатын.