Ақтөбеде қылмыстық жауапкершілікке тартылған 17 адам ақталды

23 Шілде 2019, 04:43
1514
Бөлісу:
Ақтөбеде қылмыстық жауапкершілікке тартылған 17 адам ақталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла соттардың алты айлық жұмысын қорытындылады. Есептік кезеңде 1048 адамға қатысты 949 қылмыстық іс қаралған, деп хабарлады aktobenews.kz.

«Алты айда 653 адамға қатысты 592 үкім шығарылды. 17 адам ақталды. Өткен жылдың осы уақытында облыс соттары 3 электрондық қылмыстық іс қараған болса, биыл 126 электрондық қылмыстық істі қаралды. 2019 жылдың алты айында апелляциялық тәртіппен 177 іс келіп түсті, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 іске аз. Облыс соттары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде 13 532 істі аяқтады. Апелляциялық тәртіпте 1380 іс аяқталды, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2311 іске аз»,-дейді Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла.

Төраға істердің азаюын сот жүктемесін оңтайландыру мен қылмыстық заңнамалардағы өзгерістердің тиімділігімен байланыстырады.

 

 

Өзгелердің жаңалығы