Ақтөбеде табиғат жанашырлары балықтарды аман алып қалды

16 Қыркүйек 2019, 19:44
2575
Бөлісу:
Ақтөбеде табиғат жанашырлары балықтарды аман алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы Сазды өзені кеуіп, балықтар қырылып жатыр. Ал табиғат жанашырлары оны аулап, Елек өзеніне қайта жіберді. Бұл туралы aktobenews.kz сайтында хабарланды.

Қала ішіндегі өзен арнасы күн өткен сайын кеуіп, құрғап кетті. Шалшық судағы балықтар қырыла бастады. «Дыши Актобе» еріктілер тобы үш күн бойы балықтарды құтқару жұмысын жүргізді.

«Алғашында он адам болды, кейін азайып кетті. Соңғы күні 5 адам жиналды. Біз арнайы ау, су сорғыш құрал әкелдік. Шалшық суды сорғылап, кейін балықты жинап алдық. Кішкентай ғана жерде он түрлі балық бар. Шабақтары да көп. Елек өзеніне балықты жіберу жұмысы алдағы уақытта да жалғасады. Бірақ көмектесетін адамдар аз», - деді «Дыши Актобе» еріктілер тобының ұйымдастырушысы Евгений Лазарчук.

Өзгелердің жаңалығы