Ақтөбеде әскерилер сот төрағасынан көмек сұрады

26 Наурыз 2019, 14:03
1500
Бөлісу:
Ақтөбеде әскерилер сот төрағасынан көмек сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы Шынболат Қадіров азаматтармен «Ашық есік күні» шарасын өткізді. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.

Әскерилер еңбек және тұрғын үй сұрағына қатысты кемшіліктерді көтерген.

«Шара дәстүрлі түрде халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру және сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізілді. Әскери қызметшілердің сұрақтары азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, еңбек заңнамасының бұзылуына, тұрғын-үй заңнамасының бұзылуына қатысты болды. Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып, әрі қарай шағым беру үшін азаматтық іс жүргізу туралы заң нормалары түсіндірілді. Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар ұсынылды», - дейді Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы Шынболат Қадіров.

Өзгелердің жаңалығы