Ақтөбеде үндістандық студенттер қазақша үйреніп жатыр

28 Қаңтар 2019, 20:35
2361
Бөлісу:
Ақтөбеде үндістандық студенттер қазақша үйреніп жатыр

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбедегі медициналық университетте 200-ден аса шетелдік студент оқиды. Олардың дені Үндістан елінен келген. Дәрігер болғысы келетін шетелдік студенттер клиникалық пәндерді ағылшын тілінде оқиды. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.

Медициналық университетте Үндістаннан келген 200-ден астам студент оқиды. Үштілділік саясатын қолдау мақсатында үнді студенттеріне қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылады.

«Біздің университетімізде оқитын үндістандық студенттер де белгілі бір уақытқа қазақстандық қоғамның бір бөлігі болады. Олардың әртүрлі салаға белсенді қатысуына жағдай жасаймыз. Университетішілік ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мәселесі Қазақстан және ТМД елдерінде алғаш рет жүзеге асырылуда. Жобаның бірегейлігі клиникалық пәндерді ағылшын тілінде оқыту, мұғалімдердің қызметіне тілдік қолдау көрсету, CLIL – пәндік-тілдік интеграцияланған оқу принциптерін енгізуді күшейту және шетелдік сарапшыларды жобаға тартумен айқындалады», - деп хабарлайды Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің баспасөз қызметі.

Жоба тобының оқытушылары білімдерін «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде Лейден университетінде (Голландия) тәжірибеден өту кезінде және осы университет профессоры Хенке Франкен өткізген семинарлар барысында шыңдаған»

Өзгелердің жаңалығы