Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының полиция басқармасы жедел іс-шараларды жүргізу барысында заңсыз есірткі тасымалдау күдігімен Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады.
Полиция бөлімінің мәліметінше, пәтерді тінту кезінде жуынатын бөлмеден күмәнді пакет табылған. Сарапшылардың анықтағанындай, бұл зат – жалпы салмағы 1,7 кг «марихуана» екені белгілі болды.
Қазіргі таңда осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізіледі.
Күдікті сот тәртібімен қамауға алынды.