Ақтөбеде бірнеше рет пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

25 Шілде 2019, 07:57
1337
Бөлісу:
Ақтөбеде бірнеше рет пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында бірнеше рет пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды.Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, бірнеше рет ұрлық жасаған күдікті осыған дейін бірнеше рет сотталған және есірткі заттарын қолданады, наркологиялық диспансерде тіркеуде тұр.

«Қазіргі сәтте оның қаладағы үш коттежден ұрлық жасағаны белгілі болды.Ол пластикалық терезені ашып, ноутбук пен алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап отырған.Ноутбукты таныстарына сатып, алтынды ломбардқа тапсырған.Барлық заттай айғақтарды полиция қызметкерлері тәркіледі,ал күдікті Ақтөбе қаласында уақтыша ұстау изольяторына қамалды»,-делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сот алды тергеу амалдары жүргізіліп, оның басқа да осындай ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

2019 жылдың 6 айында облыс полицейлері пәтер ұрлығына қатысты 276 қылмыстық істі сотқа жіберді. Оның ішінде 16-сы аса ірі көлемдегі ұрлықтар.

Тәртіп сақшылары пәтерлер мен жеке үйлердің күзет дабылы жүйесімен әлі де болса әлсіз қамтылғанын еске салады. Сондықтан, жеке үйлер мен пәтер иелерінің ұрылардан сақтануын ескертеді.

 

 

Өзгелердің жаңалығы