Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде көпбалалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету үшін аудандарда да үй салынады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
«Байғанин, Мәртөк, Шалқар, Алға аудандары мен Ақтөбе қаласында 378 пәтер салынып, беріледі. Бұл көпбалалы аналар үшін берілетін үй», - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов.
Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы аудандарда, моноқалаларда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен үй алуға болады.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, облыста 13 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Олардың 1752-сі баспана кезегінде тұр.