Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде 4-5 наурыз күндері жолда қалғандар құтқарылды, деп жазады Aktobenews.kz
4 наурыз күні сағат 12:35-те «Бадамша-Степное» тасжолында екі женіл көлік 7 жолаушысымен қар құрсауында қалды. Шақырту орнына ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ-нің №10,16 өрт сөндіру бөлімдерінен 5 адам, 2 техника, «Южпромснаб» ЖШС-нен 1 адам, 1 техника жіберілді.
Құтқарушылардың күшімен 7 жолаушы Бадамша ауылына жеткізілді.
«Бүгін сағат 00:14-те «Көптоғай-Ойыл» ауыларалық тас жолында 3 жеңіл және 1 жүк автокөлігі жолаушыларымен қар құрсауында қалды. Құтқару жұмыстарына Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары мекемесінің №14 өрт сөндіру бөлімінен 2 адам және жергілікті әкімшіліктен 1 адам, 1 автокөлік жіберілді. Құтқарушылар күшімен қар құрсауынан 3 автокөлік және 9 адам шығарылып, Ойыл ауылына жеткізілді», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 04 :00-те «Самара-Шымкент» тас жолының 773 шақырымында «Ваз 2109» жеңіл автокөлігі 2 жолаушысымен қар құрсауында қалды. Шақырту орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік жіберілді.Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен 2 жолаушы Ақтөбе қаласына жеткізілді.