Ақтөбеде африкалық жайындар өсірілетін болды

8 Ақпан 2019, 14:35
2367
Бөлісу:
Ақтөбеде африкалық жайындар өсірілетін болды

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде дәстүрлі емес шаруашылықты дамыту қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылы осындай 75 шаруашылық іске қосылған. Осы шаруашылықтардан 23 тонна ара балы, 220,5 тонна ешкі сүті, 6 тонна қоян еті, 3 млн дана бөдене жұмыртқасы, 134 тонна құс еті өндірілді. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.

«Облыс аумағында республика бойынша ең үлкен таңқурай алқабында жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге 45 гектардан өнім жиналып жатыр. 2022 жылға дейін алқап көлемін 150 га жеткізу жоспарланып отыр. Өткен жылы 430 млн теңгеге көлемі 1,1 га болатын құлпынай өсіру жылыжай кешенінің құрылысы аяқталды. Биылдан бастап жылына 60 тонна өнім алынады. Сонымен қатар, құны 1,2 млрд теңгені құрайтын жасанды су қоймасында африкалық жайын өсіру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаның іске қосылуы 2019 жылға белгіленген. Жоспар бойынша жылына 2 мың тонна өнім өндіріп, экспортқа шығару көзделіп отыр», - дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Бүгінгі күні облыста сүтті бағыттағы ешкі өсірумен — 57, бал арасы – 17, үй қояны – 38, бөдене – 58, марал шаруашылығы – 1, қаз – 49 және үйрек бағумен – 43 шаруашылық айналысады. Кейбірі өз ауласында бағып отыр.



Өзгелердің жаңалығы