Ақтөбе облысындағы Досжан ишан мешітінде зерттеу жұмыстары басталды

25 Шілде 2019, 09:48
3006
Бөлісу:
Ақтөбе облысындағы Досжан ишан мешітінде зерттеу жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында ауылдық жерлерге және жолға жақын орналасқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Зерттеу жұмыстары «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы аясында «Ескерткіштерді сақтау және қайта қалпына келтіру» бағыты бойынша қолға алынған.

«Шұбарқұдық аулынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан ХІХ ғасырдың сәулет өнері саналатын әйгілі Досжан ишан мешітіне археологиялық қазба жұмыстарын Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты жүргізуде. Мақсаты – мешіттің жан-жағын қазу, тазалау арқылы конструкциялық негізін, неден тұрғызылғандығын, ескерткіш деңгейлерінің өлшемдерін және құрылыс материалының түрін анықтау», - дейді облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының бас инспекторы Бақытжан Қалнияз.

Өзгелердің жаңалығы