Ақтөбе облысында полицейлерді жаңа әліпбиге оқыту басталды

11 Қазан 2019, 01:36
1617
Бөлісу:
Ақтөбе облысында полицейлерді жаңа әліпбиге оқыту басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазан айында өңірдің тәртіп сақшыларына қазақ тілінің жаңа әліпбиін үйрету курстары басталды, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Курста полиция департаментінің қызметкерлері топ-топқа бөлініп, күніне 2 сағат оқытылуда. Оқыту мерзімі әр топ үшін 2 аптадан аса мерзімді қамтиды.Қазіргі таңда алғашқы 100 полицейді оқыту жұмыстары басталды", - делінген хабарламада.

Алғашқы топта көші-қон, криминалдық полиция, арнайы байланыс т.б. бөлімдердің қызметкерлері оқуда.

Тәртіп сақшыларының құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуден қолдары қалт ете бермейтіні ескеріліп, олар үшін латын негізді әліпбиді оқыту полиция департаментінің қабырғасында өткізіліп жатыр. Ал, полицейлерге жаңа әліпбиді үйрету курстарын өткізу облыстық тілдерді дамыту басқармасының жанындағы тілдерді оқыту орталығының білікті мамандарына жүктелді.

Өзгелердің жаңалығы