Ақтөбе әкімдігі үздік хаттар байқауын жариялады

5 Ақпан 2019, 15:23
2874
Бөлісу:
Ақтөбе әкімдігі үздік хаттар байқауын жариялады

Астана. BAQ.KZ. Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай өңірде түрлі акциялар мен жобалар жүзеге асырылатын болады.

Сондай шаралардың бірі ретінде жергілікті әкімдік Ақтөбе қаласында туған және қазіргі уақытта шет елдерде тұрып жатқан азаматтар арасында Ақтөбедегі өміріне байланысты үздік хаттар мен жазбалар байқауын ұйымдастырады.

Бұл шығармашылық бәйгесі 2019 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Қала әкімдігі шетелден келген барлық отандасымызды мүмкіндігінше өз туған жеріне келуге және мерейтойға белсене атсалысуға шақырады.

"Қазіргі уақытта біз бүкіл әлем бойынша жерлестерімізді іздестірудеміз. Олар өзіңіздің туған қаласына байланысты оқиғаларды, Ақтөбеден жырақтағаннан кейінгі өмірі қалай өрбіп жатқанын, қандай жетістіктерге жетіп, биіктерді бағындырғанын айтуға болады. Ол үшін осының барлыхын хатқа жазып, суретімен бірге Ақтөбе қаласы әкімдігінің akimat@akt.gov.kz электрондық поштасына немесе 8-7132-41-64-02 телефоны бойынша хабарласуына болады", - деп атап өтті Ақтөбе қаласының әкімі Ильяс Сапарбекұлы.

Қазіргі таңда Ақтөбенің 150 жылдығына арналған монумент тұрғызу жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар қала тарихы туралы деректі фильм түсіруге әзірлік шаралары жүргізілуде, бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар мен өндірістер ашу жоспарланған. Сондай-ақ, қала басшылығы халықаралық, республикалық және өңірлік маңызы бар көптеген конкурстар, фестивальдар мен концерттер өткізбек. Мерейтой барысында қазақстандықтар әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің де өнерін тамашалайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы