Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе дәріханаларына Ресейден дәрілік заттар келді. Облыс әкімдігі мен Орынбор қаласындағы облыстық дәріхана қоймасы арасындағы келісім аясында 11 позиция бойынша 115 мың дана вирусқа қарсы, қызу түсіретін препараттар мен антибиотиктер жеткізілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов "АРС" дәріханалар желісіне барды. Дәрілер осы дәріхана арқылы сатылатын болады.Медикоменттердің ауқымды партиясын орынборлық жеткізушілермен арадағы келісім аясында алдық. Облыстағы ірі дәріханалардың дәрілік қорын инвесторлардың есебінен толықтыру үшін өңірде 500 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бүгін біз 90 млн теңгеге 11 позиция бойынша 115 мың препарат алдық. Күні ертең, 17 шілде күні тұрғындар қажет дәрілерін сатып ала алады. Үстіне қосылатын үстеме 10%-дан аспау керек. Бағаның белгіленуін мониторингтік топ мүшелері бақылайтын болады. Ал 23 шілдеде 11 позиция бойынша 1 млн-нан астам дәрі-дәрмек аламыз, - деді Нұржауған Қалауов.