Ақтөбенің 150 жылдығына арналған велоспорттан жарыс өтеді

24 Сәуір 2019, 15:00
1675
Бөлісу:
Ақтөбенің 150 жылдығына арналған велоспорттан жарыс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 мамырда велоспорттан жарыс жекелеген стартпен басталады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

Қалалық спорт бөлімі хабарлағандай, жарысқа қатысушыда велосипед шлемі міндетті түрде болуы және олардың жасы 18-ден асуы қажет. Бәрі жекелеген стартпен сайысқа түседі, яғни бәрі бір сәтте емес, әр велосипедші жеке уақытпен жарысты бастайды. Тас жолға арналған велосипедтері бар адамдар 20 шақырымға жарысса, тау вилосипедімен келгендер 15 шақырымға дейін барады.

Тіркелу 12 мамыр күні сағат 8:00-де басталады.

Өзгелердің жаңалығы