АҚШ, Жапония сияқты елдерге ұшуға жағдай жасау керек – Назарбаев

30 Қаңтар 2019, 13:16
2280
Бөлісу:
АҚШ, Жапония сияқты елдерге ұшуға жағдай жасау керек – Назарбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі жиында өткен жыл қорытындыланып, алдағы жылға жоспарлар бекітілмек.


«Авиаторлар алдына – бәлкім Эйр Астана алдына біздің негізгі инвесторларға ұшу міндетін қою қажет. Қазір біз Еуропаға ұшамыз, бізге АҚШ-қа ұшу керек, Жапонияға ұшу керек », - деді Назарбаев. 

Елбасының айтуынша, әуе компаниялары осы бастамаға қолдау көрсетуі тиіс.

«Бұл үшін не қажет екенін қарап, көмектесіп, қолдау керек. Бәлкім, бастапқыда бұл пайдасыз болады, бірақ ұша бастау қажет. Ұшақтар сатып алуға немесе барын пайдалануға көмектесу керек. Биыл осы сұрақты шешу қажет», - деп тапсырды Нұрсұлтан Назарбаев.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы