АҚШ Қытайдағы компанияларды елге қайтуға шақырды

24 Тамыз 2019, 15:40
1695
Бөлісу:
АҚШ Қытайдағы компанияларды елге қайтуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдағы америкалық компанияларды өз еліне қайтуға шақырды. 

Бұл туралы АҚШ президенті өзінің Twitter парақшасында «Aмерикалық ірі компаниялар тез арада Қытайды алмастыратын басқа жол іздеуді бұйырамын. Елге оралып, өнімдері АҚШ-та өндірсін» деп жазды.

Трамп жалпы құны 550 миллиард доллар болатын Қытай тауарларына бес пайыздық баж салығын енгізетінін айтты. Бұған дейін Пекин жалпы бағасы 75 доллар болатын АҚШ тауарларына 5-10 пайыз баж салығын енгізетінін жариялаған болатын.

Трамптың бұл жазбасынан кейін өндірісінің негізгі бөлігі Қытайда орналасқан америкалық Apple компаниясының акциясы төрт пайызға, American Express, Caterpillar, Nike және Microsoft акциясы үш пайызға төмендеген.

Өзгелердің жаңалығы