Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы екі елдің экономикасына көп залалын тигізіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
БҰҰ-ның Сауда және даму бойынша конференциясы осылай деп мәлімдеді. Аталған органның баяндамасына қарағанда текетірестен екіжақты сауда айналымы күрт азайып, тұтынушылар үшін бағалар өскен. Қытай өзінің АҚШ-қа экспортының 25 процентінен айырылып, оның экономикасына биылдың алғашқы жартысында 35 миллиард доллар шығын келген.Айта кетейік, АҚШ пен Қытай сауда соғысы бір жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Екі мемлекет бір-бірінен импортталатын тауарларға бірнеше мәрте баж салығын енгізді. Текетірес әлем экономикасының дамуын да тежеген.