Алматы, BAQ.KZ. Лос-Анджелес қаласында өткен тұрмыстық электроника (СES) көрмесінде қытайлық Elephant Robotics компаниясы MarsCat атты робот мысықты таныстырды.
Бір қызығы оны кәдімгі мысық сияқты бағуға болады. Бұл туралы TechCrunch басылымы жазды.
Робот мысық адамның сипағанын сезіп, оған жауап қатады. Сондай-ақ, дыбыс шығарып ойыншықтармен ойнай алады.
Кәдімгі мысық сияқты оның да аяғы, құйрығы бар. MarsCat отырып, тұра алады, тіптен сіздің әр қозғалысыңызды аңдып, бағып тұрады. Барлығы автоматты түрде жұмыс істейді, қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ, - делінген жазбада.
2016 жылы құрылған Elephant компаниясы осындай роботтардың үш түрін шығарып, әлемдегі ірі компанияларға сатып жатыр.