АҚШ-та тәулік ішінде 55 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

3 Шілде 2020, 10:42
1076
Бөлісу:
АҚШ-та тәулік ішінде 55 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ал, Қытайда өткен тәуліктерде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тоғыз жаңа жағдайы анықталды, деп жазады interfax.ru.

Бейсенбі күні АҚШ-та COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайы рекордтық көрсеткішке жетіп, 54 879 адамнан вирус анықталды, деп хабарлайды елдің медициналық билігі. Егер екі апта бұрын орташа есеппен күніне 22 мың жағдай анықталса, соңғы уақытта инфекция жұқтырғандардың саны күн сайын 40 мыңнан асып отыр.

Жетекші американдық инфекционист, аллергиялық және жұқпалы аурулар ұлттық институтының директоры, доктор Энтони Фаучи осы аптада инфекцияның таралуын тежеу бойынша тиімді шаралар қолданбаса, елде инфекция жұқтырғандар санының күн сайынғы өсім деңгейі 100 мыңға жетуі мүмкін, деп ескерткен болатын.

Джонс Хопкинс университетінің хабарлауынша, коронавирус пандемиясы басталғалы бері АҚШ-та 2 735 554 адам вирус жұқтырған, оның 128 684-і қайтыс болса, 780 мыңнан астам адам емделіп шықты.

Ал, өткен тәуліктерде Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тоғыз жаңа жағдайы анықталды, оның ішінде бес науқаста белсенді түрде және төртеуі симптомсыз тасымалдаушы, - деп хабарланды ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Қытайда 4 634 адам коронавирустың құрбаны болды, вирус жұқтырудың 83 542 белсенді жағдайы тіркелген, оның ішінде 1 923-і сырттан әкелінген.

Өзгелердің жаңалығы