АҚШ соты Трампқа қарсы істі тоқтатты

15 Маусым 2019, 11:20
1716
Бөлісу:
АҚШ соты Трампқа қарсы істі тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Федералды судья Вильям Юнг АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы істі тоқтатты, деп хабарлады Tampa Bay Times.


Осыған дейін Трамптың сайлауалды штабының қызметкері америкалық лидерге қарсы Флорида сотына "өзін келесімінсіз сүйгені үшін" шағым түсірді. Алва Джонсон бұл оқиғаның  2016 жылы 24 тамызда Флорида штатының Тампа қаласында өткен сайлауалды минтингі кезінде орын алғанын айтты. Джонсон Трамптың "қолынан ұстап, ернінен сүйгісі келгенін" айтты. 

Басылымның мәліметінше, судья Джонсынның талабын қайтарды, бірақ ол 30 күн ішінде қайтадан талабын сотқа бере алады. Юнг Джонсонның шағымын "саяси талап" деп танып, егер талаптың саяси сипаты болмаса  сотқа қайта келе алатынын мәлімдеді.

Осыған дейін 20 әйел Трампты өздеріне "жармасты" деп кінәлаған болатын, алайда осы уақытқа дейін бірде-бір іс тергеліп, сотта дәлелденбеді. 

Трамп өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарады. Алайда 2016 жылы сайлауалды науқанында әйелдер туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұраған болатын.


Өзгелердің жаңалығы