АҚШ Иран СІМ басшысына виза бермеді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранның сыртқы саясат ведомствосының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысуға дайындалған.</h4>

 7 Қаңтар 2020 2020, 13:16
7 Қаңтар 2020 2020, 13:16
7425

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранның сыртқы саясат ведомствосының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысуға дайындалған.

АҚШ Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифке виза бермей қойды. СІМ басшысы Нью-Йоркте 9 қаңтарда өтетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу керек болатын. Бұл туралы атын жасырып қалған америкалық шенеунікке сілтеме жасап Reuters хабарлады. 

Мұндай шешім АҚШ пен Иран арасындағы қысымның ұлғаюынан және ирандық генерал Касем Сулейманидің өліменен кейін болып отыр.

Наверх