АҚШ Иранға жаңа санкция салды

<h4>Алматы, BAQ.KZ.&nbsp;Бұл жолы Америка билігінің санкциясына Иранның сегіз шенеунігі мен елдің бірқатар өнеркәсіп саласы ілікті. Бұл туралы 24.kz хабарлады.&nbsp;Атап айтқанда, Вашингтон тау-кен, тоқыма және қайта өңдеу салаларына шектеу қойды.</h4>

 11 Қаңтар 2020 2020, 12:39
11 Қаңтар 2020 2020, 12:39
15735

Алматы, BAQ.KZ. Бұл жолы Америка билігінің санкциясына Иранның сегіз шенеунігі мен елдің бірқатар өнеркәсіп саласы ілікті. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Атап айтқанда, Вашингтон тау-кен, тоқыма және қайта өңдеу салаларына шектеу қойды.

Айта кетейік, жаңа санкция Тегеран мен Вашингтон арасындағы жағдай ұшыға түскеннен соң салынып отыр. 3 қаңтарда АҚШ Бағдадта әуе шабуылын жасап, Иран генералы Касем Сүлейманиді өлтірген еді. Кейін Иран Американың Ирактағы әскери базасына шабуыл жасаған болатын.
Наверх