Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Препараттың 2020 жылдың қазан айында қолданысқа берілуі екіталай.
АҚШ-тың Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи осы жылдың қазан айында Штаттарда коронавирустық вакцинаның пайда болу ықтималдығы аз екенін айтты. Бұл туралы ол 3 қыркүйекте CNN телеарнасында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Егер біреу вакцина қазан айында пайда болады десе, онымен дауласу қиын. Бұл екіталай, бірақ мүмкін емес дей алмаймыз. Бірқатар маман вакцина қараша немесе желтоқсан айларында, жылдың соңына қарай қолжетімді болады деген пікірді ұстанады, - деді Фаучи.
Оның айтуынша, бұл - тиімді және қауіпсіз препарат.
Мен оның қауіпсіз және тиімді болуы керегін баса айтамын. Тек сонда ғана вакцинаны өзім қабылдауға дайынмын және оны отбасымның өзге де мүшелеріне жасатуға кеңес беремін, - деп толықтырды бас инфекционист.