Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі Ақпарат саласын дамытудың 2020 – 2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы қаулы қабылдады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақпарат саласын дамытудың 2020 – 2022 жылдарға арналған ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Ұлттық жоспарды орындауға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:
1) Ұлттық жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан және 10 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Ақпарат саласын дамыту жөніндегі 2020 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі есепті жылдан кейінгі 25 қаңтардан және 25 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Ұлттық жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі |
А. Мамин |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 183 қаулысымен бекітілген |