Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтеді.
Отырыста Қазақстан Республикасының салалық заңнамасын ақпаратқа қол жеткізу саласындағы талаптарға, стандарттар мен қағидаттарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру қорытындылары, ақпаратқа қол жеткізуді ұсыну кезінде дербес деректерді қорғаудың кейбір мәселелері, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректерді талдау, сондай-ақ, «Ашық үкімет» порталдарын дамыту және танымал ету мәселелері талқыланады, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.