Ақордаға Швейцария президенті келді

22 Қараша 2019, 12:00
2158
Бөлісу:
Ақордаға Швейцария президенті келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақордаға Швейцария Конфедерация президенті – қаржы министрі Ули Маурер келді.

Швейцария үкімет мүшелері мен президентін Ақорда ішінде қызыл кілем мен президент оркестрі қарсы алды. 
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен арнайы күтіп алып, еліміздің үкімет мүшелерін таныстырды.

Қазір  Ақордада кеңейтілген және кіші форматта екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық бағыттарда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ули Маурер баспасөз алдында бірлескен мәлімдеме жасайды. 

Сонымен қатар, Ули Маурер Қазақстан үкімет мүшелері, бизнес өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Швейцария президенті Ули Маурер 21 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келді.

Айта кетсек, Швейцарияда президент статусы біздің президенттік статустан өзгеше. Швейцарияда президент - мемлекет басшысы емес, мемлекетті 7 адамнан құралған федералды кеңес басқарады.
Өзгелердің жаңалығы