Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бурабай курорттық аймағында бір күннің ішінде Ақмола облысының құтқарушылары адамдарды құтқаруға екі рет шықты, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Төрт ересек адам және бір бала катамаранмен серуендеп жүргенде қатты жел әсерінен жағадан алыстап кетті, ал катамаран көтерілген толқынның астында қалды. Оқиға туралы дабылды қабылдағаннан кейін Бурабай құтқару бөлімшесінің құтқарушылары дереу әрекет етіп, бірнеше минуттан кейін адамдарды құтқару бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді.
«Біз қайықтағы әйелдер мен баланы тез арада жағаға жеткіздік. Әйелдермен судағы қауіпсіздік ережелері туралы және су айдындарында жүзу құралдарынын жеке құтқару құралдарынсыз және кеудешелерсіз қолдануға болмайтындығы туралы алдын алу жұмыстарын жүргіздік», – дейді жедел құтқару жасағының құтқарушысы Максим Пономарев.
Сондай-ақ, Бурабай көлінде құтқарушылар суға мас күйінде түскен әйелді құтқарды. Оған мас күйінде суға түсуге болмайтыны туралы ескертілді.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары иесіз және техникалық ақаулы катамарандарды, қайықтарды пайдалануға болмайтынын; жүзу құралдарына белгіленген нормадан артық жолаушы отырғызбауды; мас күйінде суға түсуге, сондай-ақ жүзу құралдарын жүргізуге тиым салынатынын; жүзіп бара жатқан қайықтан басқа қайыққа мінбеуді; қараңғы түскеннен кейін жүзу құралдарын қолданбауды; 14 жасқа толмаған балаларға ересектердің қарауынсыз жүзу құралдарын пайдалануға рұқсат бермеуді ескертеді.