Ақмола облысында жолда қалған 29 Тәжікстан азаматы құтқарылды

22 Қаңтар 2020, 19:28
1355
Бөлісу:
Ақмола облысында жолда қалған 29 Тәжікстан азаматы құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында жолда қалған Тәжікстан Республикасының 29 азаматы құтқарылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Бурабай ауданының аумағында Нұр-Сұлтан-Петропавл жолының бойында "Сетра" жолаушылар автобусы техникалық ақауларға байланысты істен шығып, тоқтауға мәжбүр болған.
Автобус Тәжікстаннан Ресейдің Сүргіт қаласына бағыт алған. Көлік ішінде барлығы 26 жолаушы мен 3 жүргізуші болды. Жолаушылардың барлығы Тәжікстан азаматтары, олардың төртеуі әйел де біреуі бала. Араларында зардап шеккендер жоқ. Автобуста болған жолаушылар екіге бөлініп, Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледжінің №13 және жалпы типтегі мектеп инернатының жатақханаларына жайғастырылды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ, - деді Бурабай аудандық ТЖБ бастығы міндетін атқарушы Қанат Бабаев.

Өзгелердің жаңалығы