Ақмола облысында 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

6 Тамыз 2020, 05:50
1622
Бөлісу:
Ақмола облысында 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақмола өңіріне инвестиция тартуда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, өңдеуші өнеркәсіп, баламалы энергетика, құрылыс саласына басымдық беріліп отыр. Өңірде құны 690 миллион теңге болатын 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылып келеді. Осының арқасында 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. 4 жоба шетелдіктердің қатысуымен қолға алынған.

Қазақстан тарапынан "АӨК Бавария" ЖШС (Даниш групп, Дания), "Тага Групп" ЖШС (AGСO, АҚШ), "Көкше май" ЖШС (ҚХДР), 100Мвт күн электр стансасы "KBInterprices" ЖШС (Хевел, РФ) жоба бастамашасы болып отыр.
Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлар үш жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Бұл жобалардың барлығы Целиноград ауданында жоспарланған. Оның ішінде жұмыртқа бағытында "Kaz Plem Ptica" ЖШС инкубатор құрылысы, "Eco Pack Astana" ЖШС жұмыртқаға арналған қорап өндірісі , "Шаңырақ-Био" ЖШС биогаз (тауық саңғырығын өңдеу) қондырғысының құрылысын атап өтуге болады, - деді "Kazakh invest" ҰК" АҚ Ақмола облыстық филиалының басшысы Ернұр Жолымбетов. 
Компанияның өңірлік өкілінің айтуынша, құны 23,5 миллиард теңге болатын үш инвестициялық жобаны қолдау көрсетілген. Бұл жобалар - Аршалы ауданында қуаты 100 миллион дана кірпіш шығаратын зауытының, Бурабай ауданында қуаты 5 МВт биогаз зауытының, сондай-ақ, облыс орталығында, Бурабай және Целиноград аудандарында қатты-тұрмыстық қалдықты сұрыптап, қайта өңдейтін кәсіпорын құрылысына қатысты. Сонымен қатар, Атбасар, Бұланды аудандары мен Степногор қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Өзгелердің жаңалығы