Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысынан кейін ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова 200 теңгелік монета не үшін қажеттілігін түсіндірді.
"Бірінші кезекте бұл ақша купюраларының ескіріп бара жатуына байланысты. Сондықтан тоза бастаған купюраларды ауыстыру үшін қолға алынып отыр. 200 теңгелік купюра жиі қолданылады. Одан бөлек, қолма-қол айналымда жиі кездеседі. Енді, қолданыстан шығып қалмауы үшін 200 теңгелік монета шығаратын болдық", - дейді Мәдина Әбілқасымова.
Оның айтуынша, жуық арада өзге қағаз ақшалардың орнына монеталар шығару жоспарда жоқ. Ұлттық банк 200 теңгелік монеталарды 2020 жылы қолданысқа енгізеді. Болжам бойынша, 200 теңгелік банкноттар алдағы 1-1,5 жылда қолданыстан алынады. Ал оған дейін заңды төлем ретінде пайдалануға мүмкіндік бар.