Үш облыста дабылды ескерту жарияланды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында дабылды ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.</h4>

6 Қыркүйек 2019 2019, 19:42
АВТОР
 6 Қыркүйек 2019 2019, 19:42
6 Қыркүйек 2019 2019, 19:42
1527

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында дабылды ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сонымен қатар, ертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Ақмола облысының кей аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. 7-8 қыркүйекте кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.



Наверх